Футзалдан Қазақстан кубогының төрттік финалының 1/2 кезеңінің бірінші матчында шымкенттік "Ордабасы" мен алматылық "Қайрат" командалары ойнады. Кездесу нәтижесі бойынша "Қайрат" 0-6 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Ойын Түркістан қаласындағы "Olympic center" спорт кешенінде өтті.
"Қайрат" футзалшылары алғашқы минуттардан-ақ басымдық танытты. Бірінші тайм 0:3 есебімен алматылық команданың пайдасына шешілді. Алғашқы таймда Игор мен Алиссон (дубль) гол соқты.
Екінші таймда да алматылық команда басым түсті. Алғашқы минутта Эдсон, кейін Педро және таймның аяқталуына 1 минут қалғанда Алиссон гол салды.
Айта кетейік, футзалдан Қазақстан кубогы аясында "Қайрат" осыған дейін 10 кездесу өткізіп, 9 рет жеңген. Ал "Ордабасы" 14 ойын өткізіп, 11 рет жеңіліске ұшыраған. Турнир кестесінде "Қайрат" үшінші, ал "Ордабасы" оныншы орында тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2053132-futzaldan-qazaqstan-kubogy-qairat-symkenttik-ordabasyny-zendi/