Бүгін, 4 қаңтарда ПСЖ Франция Суперкубогының жеңіп алды. Ал Килиан Мбаппе "Парк-де-Пренс" алаңында ең көп гол соққан ПСЖ ойыншысы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Луис Энрикенің шәкірттері Франция Суперкубогының финалында "Тулуза" командасына қарсы матч өткізді. Ойынның 3-минутында Дембеледен пас алған Ли Кан Ин кездесудің алғашқы голын соғып есеп ашты. Ал бірінші таймның аяқталуына бір минут қалғанда Килиан Мбаппе ПСЖ командасының екінші голын соғып, клубтың рекордын жаңартты.
Бұл Килиан үшін "Парк-де-Пренс" алаңындағы 111-гол. Осылайша Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Эдинсон Каванидің рекордын жаңартты. Уругвайлық футболшы ПСЖ командасының алаңында 110 гол салған еді.
Айта кетейік, ПСЖ Франция суперкубогын 12-рет жеңіп алды. Бұл – турнирдің рекорды. Суперкубок алу жөнінен франциялық клубтар арасында екінші орында "Лион" тұр. Бұл команда 8 рет жеңіске жеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2053857-kilian-mbappe-psz-futbol-kluby-tarixyndagy-en-uzdik-surmergen-atandy/