Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтөбе" футбол клубы екі ойыншымен қоштасты

Жарияланған күні:

Футболшы Роман Изотов
Футболшы Роман Изотов. Фото: instagram.com/fcaktobe_official

"Ақтөбе" футбол клубы черногориялық Милош Раичковичпен және ресейлік Роман Изотовпен қоштасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ақтөбе" футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

30 жастағы черногориялық футболшы Милош Раичкович келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты “Ақтөбеден” кетті. Ол клубқа маусым басында қосылған еді. Раичкович барлық турнир аясында 30 ойынға қатысып, екі голдың авторы атанды.

"Рақмет, Милош! “Ақтөбе” футбол клубы Милошқа өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдіре отырып, алдағы мансаптық жолына мол табыс тілейді", – деп жазды "Ақтөбе" футбол клубы Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Ақ-қызылдар сапынан кеткен екінші футболшы – ресейлік шабуылшы Роман Изотов. Ол өзара келісім бойынша мерзімінен бұрын "Ақтөбеден" шықты. 27 жастағы ойыншы клубқа маусым ортасында қосылған еді. Ол ҚПЛ аясында "Ақтөбе" құрамында екі матчқа қатысты. Сондай-ақ жастар командасымен бірге Бірінші лигада жеті ойынға қатысып, алты гол соқты.

"Сәттілік, Роман! "Ақтөбе" футбол клубы Романға өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдіре отырып, алдағы мансаптық жолына мол табыс тілейді", – делінген клубтың Instagram желісіндегі жазбасында.

Екі ойыншы да "Ақтөбе" сапында Қазақстан Премьер-лигасының қола жүлдесін иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2053919-aqtobe-futbol-kluby-eki-oiynsymen-qostasty/