Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аты аңызға айналған футболшы Франц Беккенбауэр қайтыс болды

Жарияланған күні:

Франц Беккенбауэр "Бавария Мюнхен" сапында. 1972 жыл
Франц Беккенбауэр "Бавария Мюнхен" сапында. 1972 жыл. Фото: Horstmüller/ullstein bild via Getty Images

Немістің атақты футболшысы әрі жаттықтырушы, әлем чемпионы, екі дүркін "Алтын доп" иегері Франц Беккенбауэр 7 қаңтарда 79-ға қараған шағында қайтыс болды.

DPA агенттігі X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында (бұрынғы Twitter) бұрынғы футболшының отбасына сүйене отырып, неміс футболының аңызы Франц Беккенбауэр 78 жасында қайтыс болды деп хабарлады. Bild мәліметінше, Беккенбауэр 7 қаңтарда үйінде қайтыс болған.

2015 жылы ұлы Стефан қайтыс болғаннан кейін экс-футболшының денсаулығы нашарлай бастаған, ол жүрегіне операция жасатқан, көз инфарктісі болып, Паркинсон ауруы мен деменцияға душар болған.

РБК мәліметінше, Беккенбауэр - 1974 жылғы әлем чемпионы, Әлем біріншіліктерінің күміс (1966) және қола (1974) медальдарының иегері, 1972 жылғы Еуропа чемпионы (ГФР финалында КСРО құрамасын 3:0 есебімен жеңген) және Еуро-1976 вице-чемпионы.

Ол, сондай-ақ, әлем чемпионаттарында ойыншы болып та, жаттықтырушы болып та жеңіске жеткен үш футболшының бірі болды (бразилиялық Марио Загалло мен француз Дидье Дешаммен бірге).

Сонымен қатар, Беккенбауэр ұлттық құрамада бірінші болып 100-ден аса матч өткізді - барлығы 103 ойын және ұлттық құрамада 14 гол. Экс-футболшы тарихта "Алтын допты" жеңіп алған алғашқы қорғаушы болды, әлемнің үздік футболшысы атанған (1972). Спорттық карьерасында барысында ол "Бавария", "Нью-Йорк Космос", Гамбург" клубтарында ойнаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2054491-aty-anyzga-ainalgan-futbolsy-franc-bekkenbauer-qaitys-boldy/