Нигериялық жартылай қорғаушы Эссьен Эдедем қостанайлық "Тобыл" футбол клубына қосылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Тобыл" командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Эссьен Эдедем Нигерияның оңтүстігінде орналасқан Аква Ибом штатында дүниеге келген.
28 жастағы футболшы 2019-2022 жылдары Арменияның "Ван" клубында ойнады. Кейін Ливияның "Әл-Наср" және "Әл-Ахдар" клубтарында доп тепті. Ал 2023 жылдың жазында ресейлік "Пари Нижний Новгород" командасына ауысты.
"Эссьен Эдедем – өте мығым және төзімді тіреуші жартылай қорғаушы. Оның ерекше ойын ерекшеліктері: позиция таңдау, қарсылас шабуылын тежеу және өз командасының шабуылдарын бастау. Сонымен қатар, ол допқа талас-тартыстарда озық шығады", – деп жазды "Тобыл" футбол клубы Instagram-дағы парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2054621-nigeriyalyq-zartylai-qorgausy-qazaqstandyq-klubqa-auysty/