Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ПСЖ" футбол клубының президенті Мбаппенің трансферіне қатысты пікірін айтты

Жарияланған күні:

Килиан Мбаппе
Килиан Мбаппе: Sebastian Frej / Getty Images

Францияның "Пари Сен-Жермен" футбол клубының президенті Нассер Әл-Хелаифи футболшы Килиан Мбаппенің трансферіне қатысты пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ RMC Sport басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"ПСЖ" футбол клубының президенті Әл-Хелаифи Мбаппе үшін ең дұрыс шешім франциялық клубта қалу екенін айтты.

"Мен Мбаппенің "ПСЖ"-да қалғанын қалаймын. Ол – әлемдегі ең үздік ойыншы. Бәріңізден Килианды жайына қалдыруларыңызды сұраймын. Мен оған сенемін. Ол ешқашан клубқа қарсы ештеңе жасамайды. Оны жайына қалдырыңыздар, біз бір отбасымыз. Мен ойыншыны қорғағым келеді", – деді Нассер Әл-Хелаифи.

Мбаппе "ПСЖ" сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Ағымдағы маусымда ол барлық турнирді есептегенде 24 матч өткізіп, 25 гол және 3 нәтижелі паспен көзге түсті. Ойыншының "ПСЖ" клубымен келісімшарты 2024 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2054780-psz-futbol-klubynyn-prezidenti-mbappenin-transferine-qatysty-pikirin-aitty/