Испанияның Суперкубогын ойнау үшін үш алып пен оларға қосылған "Осасуна" Сауд Арабиясының шөлді даласына аттанды. Бірінші жартылай финалда бізді Мадридтің классикалық дербиі күтуде.
Испанияның Суперкубогын ойнау үшін үш алып пен оларға қосылған "Осасуна" Сауд Арабиясының шөлді даласына аттанды. Бірінші жартылай финалда бізді Мадридтің классикалық дербиі күтуде.
"Реал Мадрид"
Бұл клуб олжаны қанжығасына байлаудың шебері, оған қоса олардың көшбасшысы Карло Анчелотти болса олардың мүмкіндіктері арта түсері анық. Тіпті Азияда да турнирдің басты фавориті — "кілегейлілер".
Айтарлықтай кадрлық шығындарына қарамастан: жарақат алған Давид Алаба, Эдер Милито, Тибо Куртуа және Лукас Васкес. Бірақ "Реал" кез-келген қиындықта "корольдік" клуб болып қала береді.
"Реал Мадридтің" соңғы 5 матчы
- Арандина-Реал 1: 3
- Реал-Мальорка 1: 0
- Алавес-Реал 0: 1
- Реал-Вильярреал 4:1
- Union Berlin-Реал 2: 3
"Атлетико"
Диего Симеоне өз ойыншыларын Мадридтегі көршілерімен шайқасқа басқа ешкімнің қолынан келмейтіндей, мықты дайындай алады. Ал кубоктық форматта ол ең әсерлі нәтижелердің біріне ие.
Бірақ ағымдағы маусымда "матрастықтарда" тұрақтылық жоқ және олардың ойынында тым көп нәрсе команда көшбасшысы Антуан Гризманның көңіл - күйіне байланысты болып келеді. Айтпақшы, оның кездесуге қатысуына еш кедергі жоқ болып отыр. Кездесуді үнемі аурухана төсегінде өткізетіндер - Витоло мен Лемар жіберіп алады.
"Атлетиконың" соңғы 5 матчы
- Луго-Атлетико 1: 3
- Жирона-Атлетико 4: 3
- Атлетико-Севилья 1: 0
- Атлетико-Хетафе 3:3
- Атлетик-Атлетико 2: 0
Жеке кездесулер тарихы
Егер сіз осы қарсыласуға соңғы 5 матч тұрғысынан қарасаңыз, онда бізде паритет бар: ағасына 2 жеңістен және бір тең есепті ойын. Бірақ жалпы алғанда, бетпе-бет кездесулердің артықшылығы, әрине, "Реал" пайдасына беріліп отыр.
Матчқа болжам
Ерекшеленіп ештеңе айтпай-ақ, "Реалды" жеңіске фаворит деп болжаймын. Алайда менің ойымша, голдар екі тараптан да болады. Менің Parimatch-тағы серіктестерім Ж1-ге өте жақсы 2.06 коэффициентін ұсынуда. Баршаңызға сәттілік тілеймін!
*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2054841-parimatch-sarapsysy-aidyn-qozaxmet-real-ispaniya-superkubogynyn-matcynda-atletikony-zenedi/