Италиялық "Рома" футбол клубының бас бапкері Жозе Моуринью мен оның штабы қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Рома" футбол клубының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жозе Моуринью 2021 жылдың мамырында "Рома" клубына бас бапкер болып тағайындалған еді. Оның жетекшілігімен команда УЕФА-ның Конференция лигасын жеңіп алды және Еуропа лигасының финалына шықты.
"Жозеге"Ромадағы" барлық адамның атынан клубқа келгеннен бергі ынта-жігері үшін алғыс айтқымыз келеді. Біз оның "Ромада" қызмет еткен кезін әрқашан есте сақтаймыз. Бірақ шұғыл өзгерістер клубтың мүдделеріне сәйкес келеді деп санаймыз. Біз Жозе мен оның көмекшілерінің болашақта қолға алатын бастамаларына сәттілік тілейміз", – деді клуб иелері Дэн және Райан Фридкин.
Команданың жаңа бапкерлік штабы туралы ақпарат жақында хабарланбақ. Ал "Рома" футбол клубы Италия чемпионатының турнирлік кестесінде 29 ұпаймен 9-орында тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2055784-resmi-zoze-mourinyo-roma-futbol-klubyndagy-qyzmetinen-bosatyldy/