Түркиялық футбол бапкері Тәліп Жан қазақстандық ойыншы Бахтиер Зайнутдинов жайлы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Тәліп Жанның X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Айтпақшы, бәрі жаңа бапкер келгелі қорғаныста жақсы ойнап жүрген Бахтиер Зайнутдиновты мақтап жатыр. Біз Қазақстан құрамасының үздік сұрмергенінен орталық қорғаушы жасап жібердік. Ол өзінің футболдағы техникасымен және мінезімен мықты. Бахтиер мен Сануч Тайип тамаша жұп құрды және кейінгі 3 ойында команда гол өткізбеді. Браво, Батека!", — деп жазды Тәліп Жан.
Осыған дейін Бахтиер Зайнутдинов "Бешікташтың" үздік ойыншысы атағына үміткерлер қатарында екенін жазғанбыз.
Айта кетейік, Түркия кубогының 1/16 финалында "Бешікташ" ұжымы "Эюпспормен" кездесті. Бұл матчқа Бахтиер Зайнутдинов алғашқы минутта шығып, кездесу аяқталғанға дейін орталық қорғаушы позициясында ойнады. "Бешікташ" клубы қарсылас команданы 4:0 есебімен ойсырата ұтып, Түркия кубогының 1/8 финалына шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2056151-bravo-bateka-turkiyalyq-bapker-baqtier-zainutdinovtyn-oiynyna-baga-berdi/