Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдуға қарсы өнер көрсеткен футболшы "Ақтөбе" клубының сапына қосылды

Жарияланған күні:

Габи мен Роналду
Габи мен Роналду. Фото: Ash Donelon/Manchester United via Getty Images

"Ақтөбе" футбол клубы камерундық орталық қорғаушы Габи Кикимен келісімшарт жасасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ақтөбе" командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

28 жастағы Габи Кики — Камерундағы "Бомс" футбол клубының түлегі. Кәсіпқой ойыншы мансабындағы алғашқы клубы "Эдинг Спортта" ойнап, сосын мансабын Беларусь мемлекетінде жалғастырды. Ол жақта "Днепр", "Динамо-Брест" және "Рух" клубтарында өнер көрсеткен. Беларусьта Габи ел чемпионатында жеңіске жетіп, екі рет Суперкубок иеленген. Сондай-ақ футболдан Беларусь кубогінің финалына дейін жеткен.

Осыдан кейін Габи Кики Молдованың "Шериф" футбол клубына ауысты. Сол елдің екі дүркін чемпионы атанып, екі рет Кубок иегері болды. "Шериф" сапында УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңіне екі мәрте жолдама алды.

Айта кетейік, "Шериф" командасы 2021/22 маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Реал Мадридті" 2:1 есебімен жеңіп, сенсация жасаған еді. Бұл ойында "Шериф" сапынан Жасур Яхшибоев (25-минутта) пен Себастьян Тилль (90-минутта) гол салды. Ал "Реал Мадрид" командасынан 65-минутта Карим Бензема пенальтиден көзге түскен еді.

Transfermarkt порталының мәліметінше, Габи Кикидің трансферлік нарықтағы құны — 1 миллион еуро.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2057203-ronalduga-qarsy-oner-korsetken-futbolsy-aqtobe-klubynyn-sapyna-qosyldy/