Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елімай" футбол клубы алматылық "Қайрат" академиясының 21 жастағы ойыншысын сатып алды

Жарияланған күні:

Ален Айманов
Ален Айманов. Фото: instagram/aimanov_10

Семейлік "Елімай" футбол клубы 21 жастағы жартылай қорғаушы Ален Аймановпен келісімшарт жасасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Елімай" командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ален Айманов кәсіпқой футболдағы жорығын 2021 жылы "Қайрат-Жастар" командасынан бастады. Ал өткен жылғы маусымда дәл осы "Елімай" сапында ойнап, Қазақстан бірінші лигасының чемпионы атанған еді. Биыл семейлік команда ойыншымен толық келісімшарт жасасты.

Айта кетейік, Ален Аймановтың әкесі Қайрат Айманов та осы "Елімай" футбол клубы сапында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, семейлік команда сапында ел чемпионы атанған еді.

"Менің әкем Қайрат Айманов "Елімай" сапында Қазақстан чемпионы атанған. Араға 30 жыл салып мен де осы клубтың намысын қорғаймын. Тарихты қайта жазайық!", – деді Ален Айманов.

Айта кетейік, Ален Қазақстан бірінші лигасының өткен маусымында "Елімай" сапында ойнап, 11 нәтижелі іс-қимылмен көзге түскен еді (3 гол және 11 нәтижелі пас).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2057299-elimai-futbol-kluby-almatylyq-qairat-akademiyasynyn-21-zastagy-oiynsysyn-satyp-aldy/