Футболдан Азия кубогының топтық кезеңдегі ойындары аяқталып, плей-оффқа өткен құрамалар белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азия кубогының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Плей-офф кезеңіне 16 команда жолдама алды. Олардың қатарында Тәжікстан, Аустралия, Қатар, Өзбекстан, Иран, БАӘ, Ирак, Жапония, Бахрейн, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Таиланд, Иордания, Сирия, Палестина, Индонезия құрамалары бар.
Ал көршілес Қырғызстан мемлекеті плей-оффқа өте алмады. Топтық кезеңнің 3-турында Қырғызстан командасы Оманмен кездесіп, 1:1 есебімен тең ойнады. Осылайша F тобында 1 ұпаймен соңғы орынға табан тіреді.
1/8 финал 28-31 қаңтар аралығында өтеді. Бұл кезеңде келесі жұптар ойнайды:
- Аустралия — Индонезия;
- Таджикистан — БАӘ;
- Ирак — Иордания;
- Катар — Палестина;
- Өзбекстан — Таиланд;
- Сауд Арабиясы— Оңтүстік Корея;
- Бахрейн — Жапония;
- Иран — Сирия.
Айта кетейік, Азия құрлығының футбол додасы Қатар мемлекетінде өтіп жатыр. Байрақты бәсеке 12 қаңтарда басталды және 10 ақпанға дейін жалғасады.
Соңғы рет Азия кубогын 2019 жылы Қатар құрамасы жеңіп алды. Финалда Қатар командасы Жапонияны 3:1 есебімен ұтқан еді. Бұл додада ең көп жеңіске жеткен мемлекет — Жапония. Күншығыс елінің футболшылары 4 рет Азия кубогына ие болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2057622-ozbekstan-tazikstan-zaponiya-futboldan-aziya-kubogynyn-plei-off-kezeninde-oinaityn-komandalar-anyqtaldy/