Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әмбебап ойыншы": шетелдік сарапшы Нұралы Әліпті Бенземаның бұрынғы клубына ұсынды

Жарияланған күні:

Нұралы Әліп
Нұралы Әліп. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

Футбол сарапшысы және скаут Лукас Ол қазақстандық футболшы Нұралы Әліпті франциялық "Лион" клубында ойнауға лайық деп санайтынын жазды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Лукас Олдың X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Кейінгі кезде менен "Лионда" ойнауға лайық орталық қорғаушының есімін атауымды жұрт жиі сұрап жүр. Менің жауабым – Санкт-Петербугтың "Зенит" клубында ойнайтын Нұралы Әліп (24 жаста, бойы 1,90 см және трансфердегі құны 3 миллион еуро). Ол қаржылық жағынан қолжетімді және қорғаныста өте жақсы, сонымен қатар өте әмбебап", – деп жазды Лукас Ол.

Нұралы Әліп сегіз жасынан бастап "Каспий" академиясында футболмен айналысқан. 2015 жылы "Қайрат" академиясына ауысып, арада үш жыл өткен соң алматылық клуб сапында алғаш рет алаңға шықты. Нұралы "Қайрат" сапында жалпы есепте 99 матч өткізген.

Кейін қазақстандық футболшы 2022 жылдың желтоқсанында ресейлік "Зенит" командасымен 2,5+1 жүйесі бойынша келісімшарт жасасты.

Еске салайық, осыған дейін "Зенит" футбол клубының бас бапкері Нұралы Әліптің позициясы ауысуы мүмкін екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2058876-ambebap-oiynsy-seteldik-sarapsy-nuraly-alipti-benzemanyn-buryngy-klubyna-usyndy/