Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлттық құрама сапына шақырту алғым келеді": Айбол Әбікен кәсіпқой футболға жақында оралатынын айтты

Жарияланған күні:

Айбол Әбікен
Айбол Әбікен. Фото: Stanislav Vedmid/DeFodi Images via Getty Images

"Қайрат" футбол клубының бұрынғы ойыншысы Айбол Әбікен кәсіпқой футболға қашан оралатынын айтты. KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында ұлттық құрама сапына шақырту алғысы келетінін мәлімдеді.

2022 жылы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы павлодарлық "Ақсу" сапында ойнап жүрген кезде допинг сынамасында тыйым салынған зат анықталғанына байланысты төрт жылға спорттан шеттетілген еді. Алайда Ұлттық антидопинг орталығының хабарлауынша, ФИФА бұл мерзімді екі жылға қысқартты.

– Айбол, барша қазақ футболының жанкүйерлері атынан сәлем жолдаймын және бәрінің көкейіндегі сұрақты қойсам деп едім. Кәсіпқой футболға қашан ораласыз? Алдағы жоспарыңыз туралы айтсаңыз.

– 30 сәуірде дисквалификация бітеді, қайта оралуға жоспар бар.

– Магомед Адиев сұхбаттардың бірінде сіздің ойыныңызды көргенін айтты және Айбол бабында болса ұлттық құрамаға шақырту жасауға дайынмын деді.

– Әрине, егер бабыма келіп жақсы ойын көрсетіп ұлттық құрамаға шақырту алсам, өте қатты қуанар едім және сол үшін көп еңбек етемін.

– Ал клубтардан ұсыныс түсті ме?

– Ол туралы агентім сөйлесіп жатыр. Мен тек жаттығу жасап дайындалудамын. Негізі бар сияқты.

Айта кетейік, Айбол Әбікен алматылық "Қайрат" футбол клубының шәкірті. Кәсіпқой футболдағы мансабын да дәл осы клубтан бастаған. Осы команданың U19, жастар және негізгі құрамында өнер көрсеткен. Сонымен қатар "Ақсу" ұжымында да доп тепті. Алматылық клуб сапында 2019 жылы Қазақстан Премьер лигасының чемпионы атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2062427-ulttyq-qurama-sapyna-saqyrtu-algym-keledi-aibol-abiken-kasipqoi-futbolga-zaqynda-oralatynyn-aitty/