"Барселона" футбол клубының бас бапкері, бұрынғы танымал футболшы Хави Эрнандес Ла Лигада ең көп сары қағаз алған жаттықтырушылардың көшін бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ sports.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
4 наурызда "Атлетик Бильбао" – "Барселона" арасындағы кездесуде Хави төрешімен сөзге келіп, сары қағаз алып қалды. "Барсаның" бапкері матчтың бас қазысы Алехандро Эрнандес Рональд Араухоға ескерту қағазын беріп, шабуылды тоқтатқаны үшін наразы болды. Осылайша, 2021 жылдың қарашасынан бері есептегенде 15-сары қағазын алып, Ла Лиганың ең "тәртіпсіз" жаттықтырушысы атанды.
Еске салайық, Ла Лиганың 27-туры аясында "Атлетик Бильбао" мен "Барселона" тең нәтиже (0:0) көрсетті. Қазір Хавидің шәкірттері турнирлік кестеде 58 ұпаймен 3-орында тұр. Келесі матч 9 наурыз күні өз алаңында "Мальоркаға" қарсы өтеді.
Материал авторы: Жәнібек Есенбек
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2064539-xavi-ispaniya-cempionatyndagy-en-tartipsiz-bapker/