Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Егер қателессек, олар бізді жазалайды": Грекия құрамасының бас бапкері Қазақстанмен ойын туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Густаво Пойет
Густаво Пойет. Фото: Charles McQuillan/Getty Images

Футболдан Грекия құрамасының бас бапкері Густаво Пойет Қазақстан құрамасына қарсы өтетін ойын туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Қазақстан ұлттық құрамасы – соңғы бірнеше жылда көп жетістікке қол жеткізген команда. Олардың даму жылдамдығы біздікінен жоғары. Десе де біз өзіміздің қабілетімізді көрсетуге дайынбыз.

Қазақстан құрамасының соңғы 20 минутта да босаңсымайтынын көрдік. Олардың жүйелі ойыны бар. Егер біз қателессек, олар бізді жазалайды. Бұл әңгіме сапа жайлы емес, ойынға деген назарда", – деді Пойет матч алдындағы баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және футболшы Бахтиер Зайнутдинова та баспасөз мәслихатына қатысып, ойын туралы пікірін айтқан еді.

Грекия мен Қазақстан арасындағы ойын 22 наурыз күні, Астана уақытымен 00:45-те өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2071869-eger-qatelessek-olar-bizdi-zazalaidy-grekiya-quramasynyn-bas-bapkeri-qazaqstanmen-oiyn-turaly-aitty/