Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грекиядан ірі есеппен жеңілді

Жарияланған күні:

Грекия және Қазақстан құрамалары арасындағы матч
Грекия және Қазақстан құрамалары арасындағы матч. Фото: Milos Bicanski/Getty Images

Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекия командасынан жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 21 наурызда Қазақстан және Грекия құрамалары Ұлттар лигасының жартылай финалында кездесті. Афинадағы "ОПАП" стадионында өткен ойын 5:0 есебімен Грекия командасының пайдасына шешілді.

Ойын есебін 8-минутта Грекия сапынан Анастасиос Бакасетас пенальтиден ашты. Кейін оның командаластары Димитриос Пелкас, Фотис Иоаннидис, Димитрис Курбелис мергендікпен көзге түсті. Алғашқы тайм 4:0 есебімен аяқталды. Екінші таймда Қазақстан құрамасының ойыншысы Еркін Тапалов автогол соғып, есепті 5:0-ге жеткізді.

Осылайша, футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылды. Ал Грекия командасы 26 наурызда Грузия құрамасымен Еуро-2024 турниріне жолдаманы сарапқа салады. Сол күні Люксембург пен Қазақстан командалары жолдастық кездесу өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2072046-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasy-grekiyadan-iri-eseppen-zenildi/