"Бешікташ" футбол клубының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтың агенті спортшының мансабына қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБ Спорт сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бахтиердың "Бешікташ" сапында өткізген матчтарының санына қарасақ, оның команда үшін маңызды ойыншы екенін түсінуге болады. Зайнутдиновты әртүрлі позицияда шығаратыны белгілі. Бұл ол үшін тиімді және тиімсіз. Тиімді жағын айтсақ, Бахтиер ойын тәжірибесін көп алады.
Клубта бапкерлер жиі ауысты. Ол нәтижеге де әсер етті. Сонымен қатар Зайнутдиновке де әсер етуі мүмкін. Бірақ әзірге бәрі жақсы. Жаңа бапкермен танысты және оның талаптарын түсінді. "Бешикташқа" ауысуы оның мансабындағы дұрыс қадам болды деп есептеймін", – деді Евгений Новкиов.
Бахтиер Зайнутдиновтың агенті футболшы келесі маусымда "Бешікташта" қалады ма деген сауалға қысқа жауап берді.
"Мен осындай әңгімелердің неге жүріп жатқанын түсінбеймін", – деп түйіндеді Новиков.
Еске салайық, осы маусымда Зайнутдинов "Бешікташ" сапында 34 кездесу өткізіп, 1 гол соққан. Transfermarkt порталы оның трансферлік нарықтағы құнын 6 миллион еуроға бағалайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2072364-zainutdinovtyn-agenti-futbolsynyn-aldagy-zospary-turaly-aitty/