Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанның тумасы футболдан Германия ұлттық құрамасының сапында дебют жасады

Жарияланған күні:

Вальдемар Антон алаңға шыққалы жатыр
Вальдемар Антон және Тони Кроос. Фото: instagram.com/wowaanton31

Өзбекстанда дүниеге келген футболшы Вальдемар Антон Германия ұлттық құрамасының сапындағы алғашқы матчын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

23 наурызда футболдан Германия ұлттық құрамасы Францияға қарсы жолдастық кездесу өткізді. Бұл матч 2:0 есебімен неміс футболшыларының пайдасына шешілді. Германия құрамасы сапынан Флориан Виртц пен Кай Хавертц гол салды.

Осы ойында "Штутгарт" клубының ойыншысы Вальдемар Антон Германия ұлттық құрамасы сапында алғаш рет алаңға шықты. Ол матчтың 90-минутында Тони Кроосты алмастырды.

"Мен Германия командасында дебют жасағаныма мақтанамын және өте ризамын", – деп жазды Вальдемар Instagram-дағы парақшасында.

Вальдемар Антон 1996 жылы Өзбекстанның Алмалық қаласында дүниеге келген. Transfermarkt порталының мәліметінше, оның трансферлік нарықтағы құны – 10 миллион еуро.

Айта кетейік, бүгін, 26 наурызда футболдан Германия ұлттық құрамасы Нидерланд командасына қарсы жолдастық матч өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2073291-ozbekstannyn-tumasy-futboldan-germaniya-ulttyq-quramasynyn-sapynda-debyut-zasady/