Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтөбе", "Астана" және "Жеңіс" клубтарына жанкүйерлердің тәртіп бұзғаны үшін айыппұл салынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
"Ақтөбе" клубының жанкүйерлері
"Ақтөбе" клубының жанкүйерлері. Фото: fc-aktobe.kz

Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің (ТБК) кезекті отырысының қорытындысын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан кубогының 1/8 финалындағы матчтардың қорытындысы бойынша "жанкүйерлердің тәртіп бұзғаны" үшін аталмыш клубтарға санкциялар салынды. ТБК ұйымы "Астана" мен "Жеңіс" жанкүйерлерінің өзара балағаттауын, сондай-ақ "Ақтөбе" жанкүйерлерінің алматылық "Қайратқа" ұятсыз балағат сөздер айтқанын тіркеді. Аталған клубтарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Қазақстан кубогы аясында "Атырау" мен "SD Family" кездесті. Матч барысындағы тәртіп бұзышылыққа байлансты астаналық командаға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Оған "команданың тәртіпсіз әрекеті" себеп болды, соның салдарынан оның ойыншылары алты сары қағаз алды.

ТБК ұйымы Қазақстан Премьер лигасының 4-турының бірнеше ойынынан кейін санкция жариялады. "Қызыл-Жар" командасына "Жеңіспен" болған матч алдында медицина және өртке қарсы қызмет өкілдері келмегені үшін 60 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

"Астана" футбол клубы қарағандылық "Шахтермен" болған ойында жанкүйерлердің пиротехникалық заттарды пайдаланғаны үшін 60 АЕК төлеуі тиіс. Қызылорданың "Қайсарына" семейлік "Елімайымен" өткен ойында команда ойыншылары бес сары қағаз алғаны үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2089814-aqtobe-astana-zane-zenis-klubtaryna-zankuierlerdin-tartip-buzgany-usin-aiyppul-salyndy/