Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барселонаның" бас бапкері Хави клубтағы болашағы туралы ресми мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Илкай мен Хави
Илкай мен Хави. Фото: Jose Breton/Pics Action/NurPhoto via Getty Images

"Барселона" футбол клубының бас бапкері Хави Эрнандес каталониялық клубта жұмысын жалғастыратынын ресми түрде хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Барселонаның" ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, 2024 жылдың қаңтар айында бапкер "Вильярреалға" қарсы өткен ойында (3:5) жеңілген соң, қызметінен кететінін хабарлаған еді.

"Сол кездегі шешімім дұрыс. Өйткені, бізге бағытты өзгерту керек болды. Бірақ қазір жағдай басқаша. Мен бұл жобаны жалғастыра алатындаймын. Біз жүлделерді ұтып алу мақсатына жете алмаған шығармыз. Бірақ келесі маусымға үміт бар және біз мақсаттарға жетуге жақынбыз деп ойлаймын", – деді бапкер.

Хави кем дегенде тағы бір маусым команда тізгінінде қалады. Бапкердің "Барселонамен" қазіргі келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін.

"Ойыншылар маған сенеді және қолдауларын білдірді. Олар ойымды өзгертуге себеп болды. Жанкүйерлердің де қолдауы шешімімді қайта қарауға түрткі болды. Бәріңізге алғыс айтамын", – деді бапкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2091686-barselonanyng-bas-bapkeri-havi-klubtagy-bolashagy-turaly-resmi-malimdeme-zhasady/