"Манчестер Сити" клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола АПЛ-да жаңа жетістікке жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Испаниялық жаттықтырушы Жозе Моуриньоның ағылшын біріншілігіндегі рекордын жаңартты. Ағылшын Премьер лигасының өткен турында Гвардиола шәкірттері "Ноттингем Форест" командасын 2:0 есебімен жеңді.
Бұл жеңіс "Манчестер Сити" бас бапкерінің АПЛ-дағы 300-ойыны және 221-жеңісі болды. Осылайша Хосеп Гвардиола 300 ойында 189 жеңіске жеткен Жозе Моуриньо рекордын жаңаратты. Португалиялық бапкердің нәтижесі енді 2-орында тұр. Айтылған көрсеткіш бойынша 3-орын 300 ойында 188 жеңіске жеткен "Ливерпуль" бапкері Юрген Клоппқа тиесілі.
Айта кеткен жөн, "Манчестер Сити" ағылшын Премьер лигасында 34 ойында 79 ұпай жинап, 2-орында келеді. Ал 35 матч өткізген "Арсенал" 80 ұпаймен 1-орында.
Материал авторы: Досбол Атажан
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2092964-manchester-siti-futbol-klubynyng-bas-bapkeri-zhanga-rekord-ornatty/