Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі қызметті қатар алып жүру ұлттық құрамаға зиянын тигізеді": белгілі спортшы Адиев туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Бапкер Магомед Адиев
Бапкер Магомед Адиев. Фото: JURE MAKOVEC/AFP via Getty Images

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Алексей Попов Магомед Адиевтің "Ахмат" клубындағы жұмысы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Legalbet сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейлік маман Қазақстан құрамасын 2022 жылдың сәуір айынан бастап басқарып келеді. Оның жетекшілігімен біздің ойыншылар Еуро-2024 іріктеу тобында 3-орын алған болатын.

"Екі қызметті қатар алып жүру туралы айтатын болсақ, бұл Қазақстан құрамасына кері әсер етеді деп ойлаймын. Ал клубтағы жағдайға қарасақ, Адиев екі қызметтің бірінен бас тартады. Олай болмаса екі команданың да ойын сапасына зияны тиеді. Ол "Ахмат" футбол клубын таңдайды деп ойлаймын", - деді Попов.

Магомед Адиев осы жылдың сәуір айында "Ахмат" командасын тізгіндеп, бес жеңіске жетіп, команданы РПЛ-де сақтап қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2099375-eki-qyzmetti-qatar-alyp-zhuru-ulttyq-quramaga-ziianyn-tigizedi-belgili-sportshy-adiev-turaly-aitty/