Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсететін Санкт-Петербургтің "Зенит" командасы Ресей кубогының финалына шықты. Бұл турады KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бүгін, 16 мамырда Нұралы өнер көрсететін "Зенит" футбол клубы "ЦСКА" командасымен қарымта ойын өткізді. Кездесу Санкт-Петербургтегі "Газпром Аренада" өтті.
Матчтың негізгі уақытында командалар гол соққан жоқ. Екі ойынның қорытындысы бойынша есеп тең (1:1) қалды. Сондықтан пенальти сериясы тағайындалды. Регламентке сәйкес қосымша уақыт қарастырылмаған. Матчтан кейінгі пенальти сериясында "Зенит" ойыншылары 5 мүмкіндігін сәтті пайдаланып, барлығы гол соқты. Әліп те мергендік танытты. Ал "ЦСКА" ойыншылары 4 рет ғана гол соға алды.
"Зенит" Ресей кубогының суперфиналына өтті. Аталмыш кездесуде Калининградтың "Балтика" командасымен ойнайды. Матч 2 маусымда Мәскеудегі "Лужники" стадионында өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2101331-nuraly-alipting-penaltiden-soqqan-goly-zenitti-resei-kubogynyng-finalyna-shygardy/