Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салфеткада рәсімделген": Мессидің "Барселонамен" алғашқы жасасқан келісімшарты қаншаға сатылғаны белгілі болды

Жарияланған күні:

Лионель Месси
Лионель Месси. Фото: Hiroki Watanabe/Getty Images

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Мессидің "Барселонамен" алғашқы келісімшарты рәсімделген әйгілі салфеткасы Bonhams аукционында сатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Bonhams сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Келісімшартта жазылған ақпаратқа сәйкес, Месси "Барселона" футбол клубымен алғаш рет 762 мың фунт стерлингке (429,8 миллион теңгеден астам) келісімшарт жасасқан. Бірақ келісімшарт салфеткада рәсімделген. Лоттың бастапқы бағасы – 300 мың фунт болған.

Үстел салфеткасына рәсімделген құжат сол кездегі 13 жастағы Лионель Месси мен "Барселонаның" атынан Карлес Рекс (2001 жылға дейін "сине-гранатовыйлардың" спорттық директоры) және футбол агенті Хосеп Мингелла арасындағы жасалған алғашқы келісімшарт. Келісімшарт 2000 жылдың 14 желтоқсанына дейін заңды күшіне ие болды.

Лионель Мессидің "Барселонамен" жасасқан алғашқы келісімшарты
Лионель Мессидің алғашқы келісімшарты. Фото: TIMOTHY A. CLARY/AFP via Getty Images

Аукцион келісімшарт жасасуға қатысқан аргентиналық агент Орасио Гаджиолидің атынан өткізілді. Сатып алушының есімі жарияланған жоқ.

Үш жылдан кейін аргентиналық спортшы "Барсы" атты негізгі командасында дебют жасады және 18 жылдан астам уақытында каталондықтармен бірге 778 ресми матч өткізіп, 672 гол соққан. Месси клуб пен Ла Лига тарихындағы ең үздік бомбардир.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2102693-salfetkada-rasimdelgen-messiding-barselonamen-algashqy-zhasasqan-kelisimsharty-qanshaga-satylgany-belgili-boldy/