Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Магомед Адиев Қазақстан құрамасының алдағы жолдастық ойындардағы құрамын жариялады

Опубликовано:

Ұлттық құрама футболшылары
Ұлттық құрама футболшылары. Фото: Jurij Kodrun - UEFA/UEFA via Getty Images

Қазақстан құрамасының Армения және Әзербайжанға қарсы жолдастық ойындарға шақыртылған кеңейтілген тізім белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚФФ-ның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы тізімге 34 ойыншы енді. Команданың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Қазақстан ұлттық құрамасы 2 маусымда Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастайды.

Айта кетейік, ұлттық құрама маусымда екі жолдастық матч өткізеді.

Армения – Қазақстан матчы 7 маусымда сағат 21:00-де Ереванда В.Саркисян атындағы Республикалық стадионында өтеді.

Ал Әзербайжан – Қазақстан матчы 11 маусымда 19:00-де Сомбатхей-дегі "Халадаш" стадионында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2103983-magomed-adiev-qazaqstan-quramasynyng-aldagy-zholdastyq-oiyndardagy-quramyn-zhariialady/