Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Футбол клубтары арбитрларға пара беруді тоқтатуы керек": ҚФФ басшысы тосын мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов
ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов. Фото: instagram.com/a.barmenkulov

Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов ел чемпионатындағы төрешілік және жемқорлық туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Барменқұловтың Instagam желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әділет Барменқұлов осы маусымнан бастап Қазақстан футболындағы төрешілік, телетрансляция және легионерлер тақырыбы қызу талқыға түсіп жатқанын айтты.

"Ел чемпионатында қызмет атқаратын қазақстандық төрешілерге айтылған сынға тоқталсақ. Төрешілердің жұмысына қатысты эмоциялық көзқарастар мен жанкүйерлердің пікірін қабылдаймыз. Өйткені футбол ең алдымен жанкүйерлер үшін!

Алайда, футбол саласында жұмыс істейтін ресми тұлғалардың ел футболының беделіне нұсқан келтіру әрекеттері спортқа тән әдептің жоқтығы, сонымен қатар өзімшілдік пен біліктіліктің төмен екенін білдіреді. Футбол клубтарының жетекшілері уақытша ойламай, ауқымды әрі жүйелі жұмыс істеуге тиіс. Біздің футболды тәртіпке келтіру үшін әркім өзінің қара басын ойламай, ауызбіршілік танытуы қажет", - деді Барменқұлов.

Сонымен бірге ҚФФ басшысы Қазақстан футболындағы жемқорлық туралы айтты.

"Клубтар арбитрларға пара беруді тоқтатуы керек. Біз ондай жағдайларды анықтап, көпшілікке жария қыламыз. Премьер лигаға қызмет көрсету үшін іріктелген 23 арбитр пара алмайды. Оларға матчтан кейін жұмысының нәтижесіне байланысты федерациядан берілетін мотивациялық сома жеткілікті. Мен олардың әрқайсына 100 пайыз сенемін. Олардың арасында сатқындар жоқ екеніне сенімдімін. Ал сатқындармен әңгіме қысқа. Мұндай істер құқық қорғау органдарына жолданады", - деді Барменқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2104359-futbol-klubtar-arbitrlarga-para-berudi-toqtatuy-kerek-qff-basshysy-tosyn-malimdeme-zhasady/