Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы "Ахмат" футбол клубының президенті болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Ахмат Қадыров
Ахмат Қадыров. Фото: fc-akhmat.ru

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы Ахмат Қадыров грозныйлық "Ахмат" футбол клубының президенті болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін "Ахматтың" президенті болған Магомед Даудов қызметінен кетті. Оның орнын Шешенстанның дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Қадыров басты.

"Ахмат Рамзанұлының басшылығымен команданы жаңа жетістіктер, жеңістер мен жақсы нәтижелер күтетініне сенімдіміз. Клубтың вице-президенттерінің бірі болып Шешенстанның Дене шынықтыру және спорт министрінің бірінші орынбасары Омар Даудов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Ахмат" ұжымын футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жаттықтырады. Қазір команда Ресей Премьер лигасының турнир кестесінде 10-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2105910-ramzan-qadyrovtyng-18-zhastagy-uly-ahmat-futbol-klubynyng-prezidenti-bolyp-tagaiyndaldy/