Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бахтиер Зайнутдинов бүгін Түркиядағы алғашқы трофейін тізгіндей ала ма

Жарияланған күні:

Футболшы Бахтиер Зайнутдинов
Футболшы Бахтиер Зайнутдинов. Фото: Mustafa Yalcin/Anadolu via Getty Images

Бүгін, 23 мамырда Стамбұл қаласында Түркия кубогының финалдық кездесуі өтеді. Ақтық сында "Бешікташ" пен "Трабзонспор" командалары ойнайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Финалдық ойын "Ататүрік" стадионында өтеді. Қазақ жанкүйерлері бұл ойынды Астана уақыты бойынша 22:45-те тамашалай алады.

Ал Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов "Бешікташ" футбол клубының бұл ойындағы жалпы тізіміне енді. Отандасымыздың жуырда ғана жарақатынан айығып, жаттығуға кірісікенін айтып өтуіміз қажет. Ол "Бешікташ" сапындағы соңғы ойынын 13 сәуір күні "Самунспорға" (1:1) қарсы өткізген болатын. Сондықтан Бахтиер Зайнутдинов ойынды қосалқы құрамнан бастауы мүмкін. Алайда орталық қорғаныста өнімді қызмет ететін оның бұл финалдық ойында көмегі қажет болары сөзсіз. Егер бүгінгі ойынды "Бешікташ" футбол клубы басым түссе, онда бұл Бахтиер Зайнутдиновтың Түркиядағы алғашқы трофейін жеңіп алуы мүмкін.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Түркия чемпионатында "Бешікташ" 56 ұпаймен турнирлік кестеде 5-орында, ал "Трабзонспор" 64 ұпай жинақтап, 3-орында келе жатыр. Осы маусымда қос команда екі рет кездесіп, "Бешикташ" сырт алаңда 0:3 есебімен есе жіберсе, өз алаңында 2:0 есебімен басым түсті. Сондықтан, бүгінгі финалдық ойында айқын фаворит жоқ, екі команда да барын салатыны анық.

Материал авторы: Ахмет Қамшыбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2105967-bahtier-zainutdinov-bugin-turkiiadagy-algashqy-trofeiin-tizgindei-ala-ma/