Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бахтиер Зайнутдинов футболдан Түркия кубогын жеңіп алды

Жарияланған күні:

Бақтиер Зайнутдинов
Бахтиер Зайнутдинов. Фото: Ahmad Mora/DeFodi Images via Getty Images

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов cтамбұлдық "Бешикташ" командасымен бірге Түркия кубогының жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кеше, 23 мамырда Стамбұлда Түркия кубогының финалы өтті. "Бешикташ" футбол клубы "Трабзонспорға" қарсы ойнады. Бұл кездесуде "Бешикташ" 3:2 есебімен басым түсті.

Жеңімпаздар сапынан Рашид Геззаль (45+3 минутта, пенальтиден), Салих Учан (54-минутта), және Аль-Мусрати (94-минутта) cалды. Ал "Трабзонспордан" Пол Онуачу (13-минутта) және Николя Пепе (89-минутта) мергендік танытты.

Бахтиер Зайнутдинов қосалқы құрамда болды және алаңға шықпады. Қазақстандық футболшы жақында ғана жарақатынан айыққан еді.

Түркия кубогы Зайнутдиновтің "Бешикташ" сапындағы алғашқы трофейі. Зайнутдинов стамбұлдық клубта 2023 жылдан бері ойнап жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2106195-bahtier-zainutdinov-futboldan-turkiia-kubogyn-zhengip-aldy/