Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барселона" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Хави Эрнандес
Хави Эрнандес.Фото: fcbarcelona.es

Испаниялық "Барселона" футбол клубының бас бапкері Хави Эрнандес қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін "Барселонаның" президенті Джоан Лапорта Хави Эрнандеске 2024-25 маусымда негізгі команданың жаттықтырушысы болып қалмайтынын айтты.

"Барселона" Хавиге жаттықтырушы ретіндегі жұмысы үшін, сондай-ақ ойыншы және команда капитаны ретіндегі қайталанбас мансабы үшін алғыс айтады және оған жетістіктер тілейді. Келесі бірнеше күнде "Барселона" жаңа жаттықтырушылар штабы туралы хабарландыру жасайды", - делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

"Барселона" Хавидің жетекшілігімен соңғы матчты 26 мамырда Ла Лиганың 38-туры аясында "Севильяға" қарсы өткізеді.

Айта кетейік, Хави 2021 жылдан бері "Барселонаның" бас бапкері қызметін атқарды. Онымен бірге команда Ла Лиганы (2022/23) және Испания Суперкубогын (2022/23) жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2106639-barselona-futbol-klubynyng-bas-bapkeri-qyzmetinen-ketti/