Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лига кубогында "Қайрат" қатарынан 9 гол соғып, оралдық команданы ойсырата жеңді

Жарияланған күні:

"Қайрат" футбол клубының ойыншылары
"Қайрат" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/f.c.kairat

Алматылық "Қайрат" футбол клубы Лига кубогының 1-турында оралдық "Ақжайықты" жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кеше, 26 мамырда Алматыдағы Орталық стадионда өткен ойын 9:0 есебімен "Қайраттың" пайдасына шешілді. Алматылық командадан Александр Широбоков, Иброхимхалил Юлдошев, Вячеслав Швырев, Жоао Пауло (хет-трик), Элдер Сантана, Әділет Садыбеков және Гиорги Зария гол соқты.

Осылайша, "Қайрат" үш ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастады. Ал "Ақжайық" соңғы орынға тұрақтады.

Қазақстан футбол лигасының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Лига кубогына еліміздің 15 өңірінен 16 клуб қатысады. Бұл турнирдің жүлде қоры – 1 миллион доллар. Топтық кезеңнің мачтары 25-26 мамыр (1 тур), 6-7 шілде (2 тур) және 20-21 шілде (3 тур) өтеді. Жартылай финал 10-11 тамыз бен 30 қазан, ал финал 24 қарашаға жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2107389-qairat-futbol-kluby-liga-kubogynda-zhauapsyz-9-gol-soqty/