Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының алдағы матчтарға шақырту алған футболшыларының нақты тізімі белгілі болды

Жарияланған күні:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: ANGELOS TZORTZINIS/AFP via Getty Images

Футболдан Қазақстан құрамасының маусым айында өтетін матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімі анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Магомед Адиев тізгіндеген Қазақстан ұлттық құрамасы маусым айында екі жолдастық кездесу өткізеді. Атап айтсақ, Армения – Қазақстан матчы 7 маусымда сағат 21:00-де Ереванда В.Саркисян атындағы Республикалық стадионында өтеді.

Ал Әзербайжан – Қазақстан матчы 11 маусымда 19:00-де Сомбатхей-дегі "Халадаш" стадионында өтеді.

Айта кетейік, ұлттық құрама маусымда екі жолдастық матч өткізеді.

Түркиялық "Бешікташ" футбол клубының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов аталмыш тізімге енген жоқ. Десе де 24 мамырда cтамбұлдық командасымен бірге Түркия кубогының жеңімпазы атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2107938-qazaqstan-quramasynyng-aldagy-matchtarga-shaqyrtu-algan-futbolshylarynyng-naqty-tizimi-belgili-boldy/