Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Артем Дзюба "Локоматив" футбол клубынан кетті

Жарияланған күні:

Артем Дзюба
Артем Дзюба. Фото: t.me/fclokomotiv

35 жастағы ресейлік футболшы Артем Дзюба келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты мәскеулік "Локоматив" футбол клубынан кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Артем "Локомативке" 2023 жылдың ақпанында ауысқан еді. Ол бір жарым маусымда 39 матч өткізіп, 12 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.

"Локомотив" құрамында футболшы Ресей чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген ретінде жеке рекордын жаңартты (160 гол).

"Локомотив" футбол клубы Артемге клубтың дамуына қосқан зор және маңызды үлесі үшін, голдары мен пастары, жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреді!", - делінген "Локомативтің" ресми сайтында.

Айта кетейік, қазір мәскеулік команда Ресей Премьер лигасының кестесінде 53 ұпаймен 4-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2108952-artem-dziuba-lokomativ-futbol-klubynan-ketti/