Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиакос-Фиорентина: Айдын Қожахметтің болжамы

Жарияланған күні:

Олимпиакос - Фиорентина
Фото: Parimatch

Грек футболы үшін бұл екі есе жауапкершілік: Афина матч өтетін орын ретінде таңдалды, ал финалистердің бірі көрші Пирей клубы болды. Маңдайша жазу, әрине, ең мықтылар қатарынан емес. Бірақ жағдай осылай болып тұр.

Конференция лигасының финалы

ОПАП Арена (Афина, Греция)

30 мамыр, Астана уақыты бойынша 0:00

"Олимпиакос"

Хосе Мендилибар – өз командасын еурокубок финалына шығара алған кезекті испаниялық маманы. "Олимпиакосқа" плей-офф кезеңдерінің әрқайсында олардың жетістіктеріне көпшілік аса сене бермеді, бірақ олар әр уақытта скептиктерді таңғалдыра алатын. Сонымен қатар Мендилибар жартылай финалда өзінің жерлесі Унаи Эмериді "Астон Вилласымен" қосып талқандап жіберді.

Жаттықтырушы "шегіргүлдерге" қарсы француздық Балкон мен Фадигаға, сондай-ақ израильдік Лейднерге сенім арта алмайды. Бірақ туған жердегі ойын алаңы көмектесуі керек. Қалай болғанда да, оларға жанкүйер күші ретіндегі артықшылық қамтамасыз етілген.

"Олимпиакостың" кейінгі 5 матчы (3-1-1, 10-4)

  • Панатинаикос - Олимпиакос 2:2
  • Олимпиакос - АЕК 2:0
  • ПАОК - Олимпиакос 2:0
  • Олимпиакос - Астон Вилла 2:0
  • Астон Вилла - Олимпиакос 2:4

"Фиорентина"

Винченцо Итальяно флоренциялықтардың бас жаттықтырушысы қызметінен кететінін жариялады. Енді оның қалқанмен немесе қалқанның үстінде кетуі тәлімгерлеріне байланысты. Бір сөзбен айтқанда, соңғы ән.

"Олимпиакосқа" жанкүйерлер қолдауы мықтырақ болуына қарамастан, "шегіргүлдердің" кубокты қанжығасына байлауға және "Аталанта" жеңісін жалғастыруға үміті зор болып отыр. Оған қоса, құрамда шығын жоқ, жарақатқа байланысты тек форвард Риккардо Соттили ғана қол жетімді емес. Бірақ мұны үлкен шығын деп атауға болмайды.

"Фиорентинаның" кейінгі 5 матчы

  • Кальяри - Фиорентина 2:3
  • Фиорентина - Наполи 2:2
  • Фиорентина - Монца 2:1
  • Брюгге - Фиорентина 1:1
  • Верона - Фиорентина 2:1

Жеке кездесулер тарихы

Мұнда айтатындай мүлдем ештеңе жоқ. Бұрын бұл клубтар бір-бірімен ойын алаңында кездесіп көрмеген.

Мачтқа болжам

Әдетте нәтижелі финалдар сирек кездеседі. Бірақ мен қарапайым логикадан бастаймын: екі команданың да бір-біріне гол соғуға қабілеті бар. Итальяндықтар жақсы шабуылға ие, бірақ мықты қорғаныспен мақтана алмайды. Ал "Олимпиакос" жұртшылық қолдаған соң, жігерленіп тек алға басатыны анық. Сондықтан мен "иә – екі команда да гол соғады" деген ойдамын. Parimatch-тағы достарым бұл оқиғаға жақсы 1.89- коэффициентін ұсынуда.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2108994-olimpiakos-fiorentina-aidyn-qozhahmetting-bolzhamy/