Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Конференция лигасының жеңімпазы анықталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
"Олимпиакос" футбол клубының ойыншылары
"Олимпиакос" футбол клубының ойыншылары. Фото: Francois Nel/Getty Images

Грекиялық "Олимпиакос" (Пирей) футбол клубы УЕФА Конференция лигасының финалында италиялық "Фиорентина" (Флоренция) командасын ұтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Финалдық кездесу Афинадағы "Айя-Cофия" стадионында өтті. Ойынның негізгі уақытында есеп ашылмады. Ал қосымша уақытта (116-минутта) марокколық шабуылшы Айюб Эль Кааби соққан гол "Олимпиакосты" жеңіске жеткізді.

"Олимпиакос" ғасырға жуық тарихында алғаш рет УЕФА-ның турнирінде жеңімпаз атанды. "Фиорентина" екінші маусым қатарынан Конференция лигасының финалында есе жіберді. Осыған дейін бұл турнирде итальялық "Рома" (2022) және англиялық "Вест Хэм" (2023) жеңген еді.

"Олимпиакостың" бас бапкері Хосе Луис Мендилибар екінші маусым қатарынан еурокубоктық жүлдеге ие болды. Испаниялық маман бір жыл бұрын "Севильямен" Еуропа лигасының жеңімпазы атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2109225-futboldan-konferentsiia-ligasynyng-zhengimpazy-anyqtaldy/