Испаниялық "Реал Мадрид" футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының финалында германиялық "Боруссия Дортмунд" командасын жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Финалдық кездесу Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтті. Бұл ойында "Реал Мадрид" 2:0 есебімен жеңіске жетті. 74-минутта Дани Карвахаль, ал 83-минутта Винисиус Жуниор гол салды.
Осылайша, мадридтік команда Чемпиондар лигасының 15 дүркін жеңімпазы атанды. "Боруссия Дортмунд" бұл турнирде тек бір рет (1997 жылы) жеңген.
Еске салайық, өткен жылы Чемпиондар лигасының кубогын "Манчестер Сити" футбол клубы еншілеген еді. Англиялық команда финалда италиялық "Интерден" 1:0 есебімен басым түскен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2110737-real-madrid-futbol-kluby-15-ret-chempiondar-ligasynyng-zhengimpazy-atandy/