Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолына доп ұстап көрмеген сарапшылар бар": Қазақстан құрамасының футболшысы сыншыларға жауап берді

Жарияланған күні:

Әлібек Қасым
Әлібек Қасым. Фото: Jose Breton/Pics Action/NurPhoto via Getty Images

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Әлібек Қасым Meta-ratings.kz сайтына берген сұқбатында команданың қорғанысын, атап айтқанда оң қапталға қатысты айтылған сынға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кеше, 11 маусымда футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжан командасына қарсы жолдастық кездесу өткізді. Мажарстанда өткен матчта Әзербайжан құрамасы 3:2 есебімен жеңді.

"Қатарынан екі жолдастық матчта да жеңіліп қалғандықтан, көңіл күйіміз жоқ. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін барымызды салдық. Жаттығуды жалғастырамыз. Жеңісті күндер әлі алда деп ойлаймын", - деді футболшы.

Қорғаныс шебін сынаған сарапшыларға да жауап берді.

"Қазақстанда қолына доп ұстап көрмеген сыншылар көп. Олар сөйлей берсін. Кімнің кім екенін уақыт көрсетеді", - деп жауап берді Әлібек Қасым.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов команданың жолдастық матчтардағы ойынына баға берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2116074-qolyna-dop-ustap-kormegen-sarapshylar-bar-qazaqstan-quramasynyng-futbolshysy-synshylarga-zhauap-berdi/