Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы даниялық клубқа ауысуы мүмкін

Жарияланған күні:

Рамазан Оразов
Рамазан Оразов. Фото: JURE MAKOVEC/AFP via Getty Images

"Ақтөбе" футбол клубының және Қазақстан құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов мансабын Данияда жалғастырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Metaratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, 26 жастағы Оразов енді Дания чемпионатында өнер көрсетеді. Бүгін, 13 маусымда футболшының "Ақтөбеден" кететіні туралы ақпарат ресми түрде жариялануы тиіс.

"Жартылай қорғаушының жаңа командасы "Ақтөбеге" қомақты өтемақы төлейді. Екі тарап арасындағы келіссөздер сәтті өтті", - деп жазды Metaratings.kz

Осыған дейін даниялық "Орхус" клубы Оразовқа қызығушылық танытып жүргені белгілі болған еді. Даниялық команда оны 2022 жылдан бері бақылап келеді.

Айта кетейік, Рамазан – 2018 және 2019 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, 2018 жылғы Қазақстан кубогының иегері. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының трансферлік нарықтағы қазіргі құны – 450 мың еуро.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2116800-futboldan-qazaqstan-quramasynyng-oiynshysy-daniialyq-klubqa-auysuy-mumkin/