Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресми: қазақстандық футболшы Рамазан Оразов еуропалық клубтың ойыншысы атанды

Жарияланған күні:

Қазақстандық футболшы Рамазан Оразов
Қазақстандық футболшы Рамазан Оразов. Фото: instagram.com/silkeborgif_officiel

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов "Ақтөбе" футбол клубынан даниялық "Силькеборг" командасына ауысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ақтөбенің" Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

26 жастағы Оразов трансферлік келісім аясында Дания чемпионатына аттанады. Ол жаңа клубына 26 маусымда жазғы трансферлік терезе ашылған соң ғана қосылады. Оған дейін ойыншы "Ақтөбе" сапындағы барлық матчқа қатысып үлгереді деп күтіліп отыр.

Рамазан 2021 жылы “Ақтөбе” сапына қосылып, 2022 жылы осы командамен бірге Қазақстанның күміс жүлдегері атанған еді. Ол ақ-қызылдар сапында жүріп ұлттық құрамада дебют жасады.

Биылғы маусымның алдында Оразов "Ақтөбеге" оралып, команданың Премьер лигада бірінші орынға көтерілуіне үлес қосты. Футболшы клуб құрамында барлық турнирде жалпы саны 49 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берді.

Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы даниялық клубқа ауысуы мүмкін екенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2116959-resmi-futbolshy-ramazan-orazov-europalyq-klubqa-auysty/