Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Әділет Садыбековке Түркия клубтары қызығушылық танытуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Биылғы маусымда 22 жастағы ойыншы алматылық "Қайрат" сапында 13 матч өткізіп, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Қазақстан құрамасы сапында Садыбеков 6 кездесуде 1 гол соқты.
"Әділет биылғы маусымда жақсы өнер көрсетуде, ал қазір "Қайрат" оны ешқайда жіберуге дайын емес. Десе де оған Түркиялық клубтар тарапынан қызығушылық бар. Бірақ біз "Қайраттың" шешімін ескеруіміз керек", - деді деп хабарлады агенттік.
Аталмыш агенттік Нұралы Әліптің болашағы туралы да пікір білдірді. Қазақстан құрамасының 24 жастағы қорғаушысының өкілдері Петербургтік "Зенитпен" бір жылдан кейін аяқталатын келісімшартты ұзарту мәселесі жақын арада талқыланатынын хабарлады.
"Басқа клубтардан қызығушылық бар, бірақ біз қазір басты назар "Зенитте", - деп қосты агенттік.
Тransfermarkt порталы қазір Садыбековтің трансферлік құнын 300 мың еуроға, Әліпті үш миллион еуроға бағалап отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2117640-qazaqstan-quramasynyng-zhas-futbolshysy-sheteldik-komandaga-auysuy-mumkin/