Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серхио Рамос испаниялық "Севилья" футбол клубынан кетті

Опубликовано:

Серхио Рамос
Серхио Рамос: Фото: instagram.com / sergioramos

38 жастағы орталық қорғаушы Серхио Рамос келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты "Севилья" футбол клубымен қош айтысты. Бұл туралы ақпаратты клубтың ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

38 жастағы орталық қорғаушы Серхио Рамос "Севильядан" еркін агент ретінде кетті. Оның келісімшарты 30 маусым күні тәмамдалады.

"Севилья" футбол клубының ресми сайтында: "Клуб Серхиоға осы маусымда көрсеткен адалдығы, көшбасшылығы мен табандылығы үшін алғыс айтқысы келеді және оған болашақта тек жақсылық тілейді", - деп жазылған.

Рамос "Севилья" футбол клубының тәрбиеленушісі саналады.Бұл команда сапында 2004-2005 жылдары ойнап, 2023 жылдың жазында қайта оралған.

Айта кетейік, Рамос өткен жазда "Севильяға" еркін агент ретінде оралған болатын. Өткен маусымда қорғаушы андалусиялықтар үшін барлық турнирлерде 37 матч өткізді, онда жеті гол және бір нәтижелі пас берді. Transfermarkt интернет-порталының мәліметі бойынша футболшының трансферлік құны – € 2,5 млн.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2118885-serhio-ramos-ispaniialyq-sevilia-futbol-klbuynan-ketti/