Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық футбол клубтардың еурокубоктағы қарсыластары анықталды

Жарияланған күні:

"Ордабасы" мен "Тобыл" арасындағы матч
"Ордабасы" мен "Тобыл" арасындағы матч. Фото: instagram.com/pflkaz

Швейцарияның Ньон қаласында 2024/25 маусымдағы еурокубоктардың бірінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық футбол клубтарының еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде "Петрокуб" (Молдова) командасымен ойнайтын болды. Алғашқы ойын 9/10 шілдеде Қазақстанда, ал қарымта кездесу 16/17 шілдеде Молдовада өтеді.

Ал қостанайлық "Тобыл" ұжымы Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде "Ружомберок" (Словакия) командасына қарсы матч өткізеді. Бірінші ойын 11 шілдеде сырт алаңда, ал қарымта кездесу 18 шілдеде Қазақстанда болады.

"Ақтөбе" футбол клубы Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде "Сараево" (Босния және Герцеговина) командасымен кездеседі. Бірінші ойын 11 шілдеде Қазақстанда, ал қарымта кездесу 18 шілдеде сырт алаңда өтеді.

Сондай-ақ жаңа еурокубок маусымында "Астана" футбол клубы өнер көрсетеді. Команда Еуропа лигасына екінші іріктеу кезеңінен бастап қатысады. Елордалық клубтың қарсыласы 19 маусымда анықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2119725-qazaqstandyq-futbol-klubtarynyng-eurokuboktagy-qarsylasy-anyqtaldy/