Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: матч қарсаңында Грузия мен Түркия жанкүйерлері төбелес шығарды (видео)

Жарияланған күні:

Жанкүйерлердің төбелесі
Жанкүйерлердің төбелесі. Фото: Matteo Ciambelli / DeFodi Images via Getty Images

"Сигнал Идуна Парк" стадионында Еуропа чемпионатында футболдан Түркия мен Грузия құрамаларының матчы алдында төбелес шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ The Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.

Назар аударыңыз! Материалда қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністерін бейнелейтін видео бар. Оны кәмелетке толмағандарға, тұрақсыз психикасы бар адамдарға және жүкті әйелдерге қарау ұсынылмайды.

Командалар кездесуін Дортмундта өткізіп жатыр. Дереккөздің хабарлауынша, ойын алдында ұлттық құраманың жанкүйерлері стадионда жаппай төбелес шығарған. Оған жаңбырдан кейін шатырдан кейбір орындықтарға су тамшылап, көрермендердің орын ауыстыруы себеп болған. Артынша жағдай ушығып кеткен.

Төбелеске қатысушылардың ықтимал саны 40 адамға жеткен. Олар қоршау арқылы қолына түскен заттармен атқыласа бастаған. Матч басталардан шамамен бір сағат бұрын жағдай тұрақталғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2119803-euro-2024-match-qarsangynda-gruziia-men-turkiia-zhankuierleri-tobeles-shygardy-video/