Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Испания-Италия: Айдын Қожахметтің болжамы

Жарияланған күні:

Parimatch
Фото: Parimatch

Бір матчта Испания медальға үміткерлерден турнирдің әлеуетті жеңімпазына айналды, Хорватияның мықты құрамасын жеңді. Ал "Скуадра Адзурраның" тәлімгері Лучано Спаллетти дәл турнирдің алдында ойын өткізу әдісін өзгертті.

ЕУРО-2024 "Фельтинс-Арена", Гельзенкирхен.

Испания

"Фурия Роха" Хорватияны талқандап тастады. Егер қорытынды нәтижеге қарайтын болсақ - 3:0. Бұл іс жүзінде теңдей өткізілген матч болды. Немесе бокста айтылатындай - жақын. Бар болғаны, испандар өз мүмкіндігін жүзеге асыра алса, ал "дойбышылар" тіпті пенальтиді де соға алмады. Міне, барлық айырмашылық осында. Бірақ Италиямен қарсыластық одан да қиынға соғатыны анық, өйткені олар кез келген қарсыласқа бейімделе алады. Оған қоса, Испанияның негізгі шабуылшысы Альваро Моратаның осы кездесуге қатысуы сұрақ астында.

Испанияның кейінгі 5 матчы

  • Испания - Хорватия 3:0
  • Испания - Солтүстік Ирландия 5:1
  • Испания - Андорра 5:0
  • Испания - Бразилия 3:3
  • Испания - Грузия 3:1

Италия

Лучано Спаллетти Еуро-2024 қарсаңында 3 орталық қорғаушы ойынынан "4-еуі қатарға" классикалық құрылысына ауысты. Сонымен қатар Бастони маңындағы орынды салыстырмалы түрде тәжірибелі центрдеф – Рикардо Калафиори иеленді. Албаниямен матчта 2:1 есебімен жеңіске жетіп, бұл әдіс іске асырылды. Бірақ Спаллетти бұл әдісті әлдеқайда қауіпті және шебер испандықтарға қарсы қолдана ма? Жауабы жоқ сұрақ.

Италияның кейінгі 5 матчы

  • Италия - Албания 2:1
  • Италия - Босния және Герцеговина 1:0
  • Италия - Түркия 0:0
  • Италия - Эквадор 2:0
  • Италия - Венесуэла 2:1

Жеке кездесулер тарихы

Ол кездесулерге өте бай және айтатын дүниесі көп жағдай. Егер есептеуді кейінгі 12 жылдағы олардың арасындағы есте қаларлық матчтан алсақ, ол Еуро-2012 финалы болған, командалар бір-бірімен 9 рет кездескен. Осы жекпе-жектердің 5-і Испанияның пайдасына аяқталып, бір рет италиялықтар жеңіске жетіп, үш рет тең есепті ойын тіркелді. Соңғы рет олар өткен жылы Ұлттар Лигасының финалында бас түйістірген. "Фурия Роха" пенальти сериясында мықтырақ болды.

Матчқа болжам

Құрғақ есепті қақпаға қарамастан, испандықтар Хорватиядан бірнеше гол өткізіп алуы әбден мүмкін. Итальяндықтар Унаи Симонды кем дегенде бір рет болсын сан соқтыра алуға қабілетті. Сондықтан мен Parimatch-тағы достарымның "екі команда да гол соғады – иә" нұсқасына ұсынып отырған 1.90 коэффициентін қарастырар едім.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2120361-ispaniia-italiia-aidyn-qozhahmetting-bolzhamy/