Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барселона" ойыншысы қазақстандық клубпен келісімшартқа отырады

Жарияланған күні:

Феррао
Феррао. Фото: Gerard Franco/DAX Images/NurPhoto via Getty Images

Феррао есімімен танымал бразилиялық футзалшы Карлос Вагнер Гуларте Фило мансабын "Семей" футзал клубында жалғастырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемнің үш дүркін үздік ойыншысы Феррао 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан "Барселонамен" қоштасты және жақын арада "Семейге" қосылады деп күтілуде.

33 жастағы бразилиялық үш мәрте Испания чемпионы атанды (2018/19, 2020/21, 2021/22), екі рет Чемпиондар лигасының кубогын иеленді, сонымен қатар үш рет әлемнің үздік ойыншысы атағын алды (2019, 2020, 2021).

Еске салайық, жақында "Семей" чемпионатты жеңіп алып, "Қайраттың" 20 жылдық чемпиондық сериясын үзді. Келесі маусымда семейліктер УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2120712-barselona-oiynshysy-qazaqstandyq-klubpen-kelisimshartqa-otyrady/