Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан футбол федерациясы төрешілерге не үшін 30 миллион теңге төледі

Жарияланған күні:

Төреші
Төреші. Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы төрешілерге 2023 жылғы маусымдағы жұмысы үшін сыйлықақы ретінде 30 миллион теңгеге дейін төледі. Бұл туралы ақпарат Meta-ratings.kz сайтының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дереккөздің жазуынша, федерация бұл төлемдерді жаңа маусым басталғанға дейін, яғни қысқы маусымда жүргізді.

Айта кету керек, төрешілер миллион теңгеден, ал кейбір бас төрешілер екі миллион теңге алды. Бірнеше лайнсменге, яғни қапталдағы төрешіге ҚФФ-дан 500 000 теңге сыйақы берілді.

Бұған дейін ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов өзінің бейне жолдауында төрешілерге маусым бойы жақсы жұмыс істегені үшін көтерме төлемдер болатынын ресми түрде жариялады. Функционер бұл сыйлықақыларға төрешілер өздеріне жылжымайтын мүлік немесе автомобиль сатып алуға мүмкіндік алатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2121063-qazaqstan-futbol-federatsiiasy-toreshilerge-ne-ushin-30-million-tengge-toledi/