Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америка кубогы 2024: Месси бастаған Аргентина құрамасы алғашқы матчта жеңіске жетті

Жарияланған күні:

Футболшы Месси
Футболшы Месси. Фото: Hector Vivas/Getty Images

АҚШ-та футболдан Америка кубогының ашылу матчы өтіп, қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасы Канаданы жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кездесу Американың Атланта қаласындағы Mercedes-Benz стадионында өтіп, 2:0 есебімен қазіргі Кубок иегерлерінің пайдасына аяқталды.

Есепті екінші таймның басында "Манчестер Ситидің" шабуылшысы Хулиан Альварес (49) ашты. Тек соңғы 45 минуттың соңына таман Лионель Скалони шәкірттері есеп айырмасын арттыра алды – 2:0.

Екінші голды италилық "Интердің" шабуылшысы Лаутаро Мартинес (88) соқты, команда капитаны Лионель Месси ассист жасап берді. 8 дүркін "Алтын доп" иегері үшін осы матч Америка кубогындағы 35-кездесу болды, бұл турнирдегі абсолют рекорд.

Айта кетейік, Америка кубогы 21 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Турнирге 4 топқа бөлінген 16 команда қатысуда. Турнирдің қазіргі жеңімпазы соңғы рет финалда Бразилияны жеңген - аргентиналықтар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2121489-amerika-kubogy-2024-messi-bastagan-argentina-quramasy-algashqy-matchta-zhengiske-zhetti/