Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда футзалдан Еуро-2025 турнирі өтуі мүмкін

Жарияланған күні:

Футзал
Футзал. Фото: Angel Martinez - FIFA/FIFA via Getty Images

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Қазақстан футзал қауымдастығымен (ҚФҚ) бірлесіп, 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында футзалдан 2025 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізуге өтінім берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ КФФ-ның Instagram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еуропа чемпионатын өткізетін елді таңдау жөніндегі түпкілікті шешім 2024 жылғы қыркүйекте УЕФА-ның атқару комитетінің отырысы кезінде қабылданады.

Өтінім мақұлданған жағдайда матчтар Астанада өтеді, ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасы автоматты түрде Еуро-2025 біріншілігінің финалдық кезеңінің қатысушысы болады. Футзалдан жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаты 2025 жылдың қыркүйегінде өтеді.

Айта кетейік, футзалдан Әлем чемпионаты биыл Өзбекстанда өтеді. Аталмыш жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2121768-qazaqstanda-futzaldan-euro-2025-turniri-otui-mumkin/