Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оның есімі Аустрияда таңсық емес": Максим Самородовқа аустриялық команда көз тігіп отыр

Жарияланған күні:

Футболшы Максим Самородов
Футболшы Максим Самородов. Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының және "Ақтөбе" футбол клубының ойыншысы Максим Самородов шетелдік клубтардың басты назарына ілігіп жүр. Жақын арада ол шетел асып, еуропалық клубта өнер көрсетеді деген хабар да тарап үлгерді. Шетелдік Laola1.at басылымы аустриялық "Штурм" командасының Максим Самородовқа қызығушылық танытып отырғанын айтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дереккөздің мәліметінше, Аустрияның "Штурм" футбол клубы Максим Самородовты өз құрамына қосып алмақшы.

"Бірқатар бұқаралық ақпарат құралының мәліметінше, "Штурм" командасы Максим Самородовпен келісімшарт жасайды. Қазіргі таңда 21 жастағы шабуылшы "Ақтөбе" клубында ойнайды. Оның есімі Аустрияда таңсық емес", - делінген Laola1.at басылымының хабарламасында.

Айта кетейік, қазіргі таңда Максим Самородов "Ақтөбе" клубында өнер көрсетеді. Биылғы маусымда ол ақтөбеліктер сапында 11 ойынға қатысып, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Transfermarket мәліметінше, оның трансферлік құны 900 мың еуроға бағаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2122995-onyng-esimi-austriiada-tangsyq-emes-maksim-samorodovqa-austriialyq-komanda-koz-tigip-otyr/